Әділет министрлігі рақымшылық жасау жөніндегі заң жобасын дайындауда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі рақымшылық жасау жөніндегі заң жобасын дайындауда

Әділет министрлігі рақымшылық жасау жөніндегі заң жобасын дайындауда

Әділет министрлігі рақымшылық жасау жөніндегі заң жобасын дайындауда. Бұл туралы мекеме басшысы Зағипа Балиева жұмада Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Джеймс Шарппен кездесуде құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Қараша 2005
  • 449
Фото - Caravan.kz



З.Балиеваның айтуынша, аталмыш заң жобасын қабылдап жүзеге асыру еліміздегі сотталғандар санын 5 мыңдай адамға азайтуға мүмкіндік береді.
Министрдің айтуынша, соңғы 5 жылда Қазақстанда түрмеде жазасын өтеушілер саны азаю ағымы байқалуда. Бүгінде елімізде абақтыда отырғандардың индексі әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 342 адамды құрайды. Алдағы 2-3 жылда бұл көрсеткішті әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 250 адамға дейін азайту мақсаты қойылып отыр.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта