Оңтүстік Қазақстан облысында ірі жол апаты болды. Жексенбі күні кешкісін Шымкент-Бадам-Арыс автожолының 20 шақырымында «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі «АЗЛК-2141» автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында мерт болды. Тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Алматы облысында «Мерседес» автокөлігінің аударылуы салдарынан төрт адам мерт болды. Апат Алматы-Бішкек тас жолының 118-шақырымында жексенбіден дүйсенбіге қараған түні болған. Автокөліктің жүргізушісі көлігін басқара алмай, аударып алу салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы опат болды.
Қызылорда облысында «Фольксваген» автокөлігінің аударылуы салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті.
Жамбыл облысында Шу-Қордай тас жолының 11-шақырымында «Жигули» мен «КамАЗ» автокөлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам оқиға орнында мерт болып, біреуі ауруханаға жатқызылды.