Үкімет бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру көлемін арттыру туралы депутаттардың ұсынысын қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру көлемін арттыру туралы депутаттардың ұсынысын қарайды

Үкімет бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру көлемін арттыру туралы депутаттардың ұсынысын қарайды

Үкімет бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру көлемін арттыру туралы депутаттардың ұсынысын қарайды. Бірақ одан бюджеттің негізгі көрсеткіштері өзгермейді. Бұл туралы бүгін, 7-қарашада парламент палаталарының бірлескен отырысында экономика және бюджеттіжоспарлау министрі Қайрат Келімбетов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қараша 2005
  • 332
Фото - Caravan.kz

«Қаржы көзі даму институттарын қаржыландыруға және басқа да кейбір мақсаттарға арналған шығындар көлемін қайтадан қарау негізінде құралады»,- деді Қ.Келімбетов. Сонымен бірге «қазір мұнайдың болжамдық бағасын бір баррель үшін 47-ден 48-ге бір долларға арттыру арқылы қосымша қаржыландыру көзін табу» мәселесі есептеліп жатыр, деді министр. «Ақырғы шешімді бірлескен комиссия шығарады», деді ол. Қ.Келімбетов үкімет бюджеттің тапшылығын арттыруға қарсы екенін тағы бір атап өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,4 процентін құрайды немесе 113,8 млрд. теңге болмақ.
Республикалық бюджеттің жалпы түсімі 1 трлн. 469,4 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 18,2 процентін құрайды. Ол биылғы жылғы көрсеткіштен 224 млрд. теңгеге немесе 18 процент артық. Бюджет кірісінің негізгі бөлігін салық түсімдері құрайды. 2005-жылғымен салыстырғанда салық көлемі 189,8 млрд. теңгеге артып, 1 трлн. 280,4 млрд. теңгені құрауға тиіс. Салық емес түсімдер 37,7 млрд. теңге көлемінде болжануда.
2006-жылғы республикалық бюджеттің шығындары 1 трлн. 583,2 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 19,6 процентін құрамақ.

Перейти к новостям спорта