Үкімет басшысы Қазақстандағы қазіргі ұялы байланыс нарығы бәсекеге мүмкіндік бермей отыр деп атап өтті. «Біз қазір GSM стандарты аясында жұмыс істейтін ұялы байланыс компанияларының қуатын арттыру мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз»,- деді ол.
Сонымен бірге үкімет басшысының айтуынша, «CDMA-450 жүйесі ауылдық жерлердегі ұялы байланыс жүйесі ретінде жұмыс істетейін болады. Бұл мақсат 2006-жылдың орта шеніне таман шешіледі».