Алматылықтардың басым бөлігі Назарбаевқа дауыс бермекші - "KazRATING" - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтардың басым бөлігі Назарбаевқа дауыс бермекші - "KazRATING"

Алматылықтардың басым бөлігі Назарбаевқа дауыс бермекші - "KazRATING"

Алдағы президент сайлауында Алматылықтардың басым бөлігі қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бермекші. Бұл туралы бүгін, 7-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "KazRATING" ұлттық рейтинг агенттігінің атқарушы директоры Максим Казначеев хабарлады.

  • 7 Қараша 2005
  • 460
Фото - Caravan.kz

М.Казначеевтің айтуынша, агенттіктің қазан айының 24 мен 29 аралығында жүргізген зерттеу қорытындысы көрсеткеніндей, өткен сауалнамамен салыстырғанда Назарбаев үшін дауыс беруге дайын респонденттер саны біршама артқан. Егер тамыз айында қазіргі президент үшін сауалнамаға қатысқандардың 46 проценті ғана дауыс беруге дайын екенін білдірсе, қазір ондайлардың саны 71,3 процентке жетті. «Мұндай жағдай тамыз айындағы сауалнама парағында президенттіктен үміткерлердің саны көп болуға байланысты. Дауыстар солардың арасында бытырап кетті»,- деді М.Казначеев.

Сонымен бірге зерттеушілер оппозициялық блоктың жетекшісі Жармахан Тұяқбайды қолдаушылар санының да арта түскенін мәлімдеп отыр. Қазір ол үшін Алматылықтардың 17 проценті даууыс беруге дайын. «Ал Әлихан Бәйменов, Ерасыл Әбілқасымов және Мэлс Елеусізов сынды басқа үміткерлерге қатыст ахуал айтарлықтай емес»,- деді М.Казначеев. Зерттеушілерді ңхабарлауынша, жалпы алғанда оларды сайлаушылардың 11,7 проценті ғана қолдайды.
Зерттеушілер сайлаушылардың белсенділігі айрықша жоғары екенін айтуда. Сауалнамаға қатысушылардың 73,3 проценті сайлау учаскесіне келіп , дауыс беруге ниет білдірген.
«Сайлаушылардың мұндай белсенділігін президенттің мәртебесіне және халықтың алдағы сайлаудан көп нәрсе күтетіндігімен байланыстыруға болады» ,- дейді агенттіктігелір. Дегенмен, Алматылықтардың 41 проценті сайлау әділ болады дегенге сенім білдірсе, респонденттердің 34,8 проценті бұл сауалға жауап бере алмады. Ал қалғандары президент сайлауының әділетті өтетітініне күмән келтіреді.

Перейти к новостям спорта