Қазақстан байланыс жер серіктерінің бір тобын ұшыруды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан байланыс жер серіктерінің бір тобын ұшыруды жоспарлап отыр

Қазақстан байланыс жер серіктерінің бір тобын ұшыруды жоспарлап отыр

Қазақстан байланыс жер серіктерінің бір тобын ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін, 7-қарашада үкімет басшысы Даниал Ахметов парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қараша 2005
  • 377
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы байланыс жер серіктерінің бір тобына ие болуы үшін қажетті техника-экономикалық негіздемесін дайындап, екінші жер серігін орнататын нүктені анықтау үшін тиісті халықаралық компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз»,- деді Д.Ахметов.

Оның айтуынша, «екінші байланыс жер серігі Қазақстанға тек мемлекеттік мекемелердің проблемаларын шешуге мүмкіндік беріп қана қоймай, кәсіпкерлік ортаның кең ауқымды мәселелерін шешіп, Орталық Азия елдері, Пәкістан, Иран және Ресей Федерациясына жарым-жартылай қызмет көрсетуге мүмкіндік береді». «Екінші жер серігі тиімді болады және оны жасауға еліміздің мүмкіндігі толық»,- деді Д.Ахметов.
Үкімет басшысы осы орайда Қазақстанның тұңғыш «KazSat» жер серігін құрастыру жұмыстары аяқталуға жақын екенін еске салды. «Менің пайымдауымша, бұл жер серігі жылдың аяғына дейін ұшырылады. Қазақстан 2006-жылдың ортасынан бастап өз жер серігімен жұмыс істеуге кіріседі»,- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметов «KazSat» жер серігін іске қосуға арналған шығындар алдағы үш жылда өтеледі дегенге сенім білдірді. Үкімет басшысы жер серігі жүйелерін жалға алуға мемлекетіміздің жыл сайын 27 млн. доллар жұмсап оытрғанын және олардың құны жыл санап артып келе жатқанын айтып өтті.
«Биылғы жылдың аяғында еліміз нақты ғарыштық державаға айналады. Біз еліміздің бұл салада басымдыққа ие болу мақсатын көздеп отырмыз»,- деді үкімет басшысы.

Перейти к новостям спорта