Алматыда ипотекалық несие беру ісіне арналған халықаралық бас қосу өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ипотекалық несие беру ісіне арналған халықаралық бас қосу өтеді

Алматыда ипотекалық несие беру ісіне арналған халықаралық бас қосу өтеді

9-қараша, сейсенбіде Алматыда "БТА Ипотека" АҚ-ның бастамасымен "Қазақстанның ипотекалық несие беру тәжірибесі: өткені, бүгіні мен болашағы" деген тақырып бойынша екі күндік халықаралық бас қосу өтеді. Бұл туралы бүгін, 7-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "БТА Ипотека" АҚ-ның президенті Сағындық Құсайынов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қараша 2005
  • 404
Фото - Caravan.kz



С.Құсайыновтың айтуынша, Қазақстандағы ипотекалық несие беру тәжірибесі Ресей, Украина мен басқа да ТМД елдерінде үлкен қызығушылық тудыруда. Бұл елдерде қолданысқа кеңінен енгізіліп жатқан қызмет көрсетудің бұл түрі Қазақстанмен салыстырғанда айтарлықтай табысты болмаған. Мәселен, егер 2003-жылы Қазақстандық банктер таратқан ипотекалық несиелердің көлемі 100 млн. долларды құраса, 2004-жылы 350 млн. долларға, ағымдағы жылдың тамыз айындағы жағдаймен 1,76 млрд. долларға жеткен. «Ал Ресейде ипотека пайда болған сәттен бері таратылған несиелердің жалпы көлемі 1 млрд. долларға әрең жетеді»,- деді «БТА Ипотека» АҚ-ның басшысы.
«Бұл — аталмыш тақырыптағы тұңғыш форум және ол қатысушыларға пайдалы болады деп сенеміз»,- деді ол. Бас қосуда Қырғызстан, Украина, Ресей және Қазақстанның қаржы рыногының өкілдері баяндама жасайды.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта