Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігінен үміткерлердің теледебатын ұйымдастырмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігінен үміткерлердің теледебатын ұйымдастырмақшы

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігінен үміткерлердің теледебатын ұйымдастырмақшы

17-қарашада Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігінен үміткерлердің теледебатын ұйымдастырмақшы. Бұл туралы бүгін, 7-қарашада Нидерланды Корольдігінің адам құқықтары жөніндегі елшісі Пьет де Клеркпен кездесуде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қараша 2005
  • 350
Фото - Caravan.kz

«11-қазанда Орталық сайлау комиссиясы президенттіктен үміткерлерге, сайлау процессіне қатысуышлар мен саяси партияларға арнап үндеу қабылдады. Үндеу 11 бөлімнен тұрады. Олар сайлаудың ашық, әділетті әрі адал өткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған»,- деді комиссия төрағасы.
«Үндеудің бір бөлімінде Қазақстан президенттігінен үміткерлердің телепікірсайысын ұйымдастыруды мемлекет өз мойнына алады деп көрсетілген»,- деді ол.
«5-қарашада президенттіктен үміткер 5 адамға осы мүмкіндікті ойластыру жөнінде ұсыныс-хат жолдап , 10-қарашаға дейін жауап беруді сұрадым. Егер олар келісімін берсе, Орталық сайлау комиссиясы 11-қарашада отырыс өткізеді. Онда телепікірсайыстың регламенті қабылданады. Телепікірсайыс 17-қарашада өткізіледі деп межеленген»,- деді О.Жұмабеков.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта