Халықтық коалиция өкілдері облыс орталығындағы Достық үйінде қала тұрғындарымен кездесіп, өздері қолдайтын үміткердің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Залдан сұранып, сөз алғандар Қазақстанның бүгінгі жетістігі — елдің тыныштығы, экономиканың қарқыны, әлеуметтік жағдайдың деңгейі — мұның барлығы қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында екенін айтты. Түс қайта Шымкенттегі студенттермен кездесуде Шымкенттік жастар Қазақстанда өздеріне қатысты жасалып жатқан жағдайға риза екендіктерін білдірді.
Республикалық «АСАР» партиясының төрайымы, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева : «мықты, бай өкімет, мемлекет болып келгеніміз елдің ауызбірлігінің арқасы. Ел әрқашанда бірге болса, біздің Қазақстанымыздың одан әрі деңгейі өсе береді. Байлық күндеріміз, байлық жылдарымыз осы 3-4-5 жылдың ішінде, осыған сеніңіздер!»,- деді.