Иордания королі ресми сапармен Алматыға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иордания королі ресми сапармен Алматыға келді

Иордания королі ресми сапармен Алматыға келді

Бүгін, 8-қарашада Иордания королі Абдалла II бен Хусейн бен Талал бен Абдалланың Қазақстанға ресми сапары басталды. Билеуші мінген ұшақ Алматы әуежайына сағат 10-да келіп қонды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Қараша 2005
  • 495
Фото - Caravan.kz

Әуежайда корольді ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев пен Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов күтіп алды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Иорданияның билеушісі елімізге президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен келді.
Бүгін Н.Назарбаев Алматыдағы сарайында Иордания королімен келіссөздер жүргізіп, кездесу қорытындысы бойынша екі жақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Сәрсенбі күні Абдулла ІІ бен аль-Хусейн жеке бағдарлама бойынша сапарын жалғастырады. Билеушінің сапары 11-қарашада аяқталады.

Перейти к новостям спорта