"Көкнәр -2005" шарасы барысында елімізде 16,5 тонна есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көкнәр -2005" шарасы барысында елімізде 16,5 тонна есірткі тәркіленді

"Көкнәр -2005" шарасы барысында елімізде 16,5 тонна есірткі тәркіленді

"Көкнәр -2005" шұғыл-профилактикалық шарасы барысында елімізде 16,5 тонна есірткі түрлері тәркіленіп заңсыз айналымға жіберілмеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінен хабарлады.

  • 8 Қараша 2005
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Көкнәр -2005» шұғыл-профилактикалық шарасы еліміз бойынша 20-мамыр мен 20-қазан аралығында жалғасты. Оған 1800 полиция қызметкері, 141 кеден және 99 ҰҚК қызметкері қатысты.

Бірлескен шаралардың арқасында операция барысында есірткіге қатысты 4607 қылмыс әшкереленді. Ал өткен жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 2134 болған. Атап айтсақ, есірткі сатуға қатысты 1572 деректің, есірткіні заңсыз сақтауға қатысты 2407 деректің беті ашылды. Құрамында есірткісі бар заттарды заңсыз егуге қатысты 200 оқиға әшкереленіп, 15 мың шаршы метр аумақта өскен жабайы қарасора егістігі жойылды. Сонымен бірге шара барысында ел шекарасы арқылы есірткіні контабандалық жолмен алып өтуге қатысты 83 деректің беті ашылды. Есірткі саудасымен күрес жөніндегі арнаулы бөлімше қызметкерлері республиканың түрлі аймақтарында есірткі таратумен ұзақ уақыт бойы шұғылданып келген ұйымдасқан төрт қылмыстық топты құрықтады.
Шара барысында есірткіге қатысты заңсыз операцияларға барғаны үшін 3803 азамат, оның ішінде 88 ТМД азаматы ұсталды. Есірткіге қатысты құқық бұзушылығы үшін 839 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы алғанда ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында есірткі саудасымен күрес комитетінің қызметкерлері 19 тонна түрлі есірткілік заттарды, соның ішінде 130 килограмм героинді тәркіледі.

Перейти к новостям спорта