Есеп комитеті білім министрлігінің бюджет қаржысын пайдаланбау деректерін әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитеті білім министрлігінің бюджет қаржысын пайдаланбау деректерін әшкереледі

Есеп комитеті білім министрлігінің бюджет қаржысын пайдаланбау деректерін әшкереледі

ҚР республикалық бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚР білім және ғылым министрлігінің 159,7 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаржысын пайдалануда заң бұзушылыққа жол бергенін анықтады. Бұл туралы есеп комитетінің баспасөз қызметі ҚР білім және ғылым министрлігі мен оған бағынышты мекемелердің іс-қызметін тексеру қорытындысы бойынша таратқан баспасөз баянында айтылған.

  • 8 Қараша 2005
  • 560
Фото - Caravan.kz



Атап айтсақ, бақылау шараларының барысында 45,9 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану, 47,9 млн. теңгені негізсіз жұмсау, 13,3 млн. теңгені тиімсіз пайдалану оқиғалары мен 52,6 млн. теңгенің басқа да заң бұзушылықтары тіркелді.
Мәселен, мектептерді интернетке қосуға, лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға бөлінген бюджет қаржысын негізсіз және тиімсіз пайдалану деректерінің беті ашылды. Есеп комитетінің мәліметі бойынша, осындай кабинеттерді жабдықтауға түрлі деңгейлі бюджеттерден жалпы алғанда 4,4 млрд. теңге бөлінген. Жабдықтарды «Каз-СТ инжиниринг Бастау» ЖШС бірлескен кәсіпорны жеткізуге тиіс болған. Ағымдағы жылдың 1-қазанындағы жағдаймен тексеруден өткен білім беру мекемелерінде жоспарланған 121-дің орнына лингафондық және мультимедиялық небәрі 5 кабинет жабдықталған . Соған қарамастан, алдын-ала төлемнің тең жартысы ретінде 305,4 млн. теңге аударылып жіберілген. Ал бюджеттік бағдарламаның төлқұжатында жабдықтарды нақты жеткізу мерзімі, жинақ құрамы мен сатып алынуға тиіс жабдықтың жалпы саны көрсетілмеген.
Сонымен бірге 2004-жылы министрлік 12 жылдық білім беру бағдарламасы аясында 2-сыныптарға арнап 7,2 млн. теңгеге оқу құралдарын шығарған. Бірақ 12 жылдық білім беру стандарттары әлі бекітілмеген.
Жекелеген білім беру мекемелеріне аталмыш мектептердегі білім беру деңгейіне сәйкес келмейтін оқулықтар жіберілу салдарынан 617,5 мың теңгенің бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылған, делінген баспасөз баянында.
Сонымен бірге есеп комитеті 2004-2005-жылдарға арналған оқулықтар дайындап шығару бағдарламасына сәйкес 311 түрлі электрондық оқулықтар шығарып қолданысқа енгізу межеленгенін анықтады. Әйтсе де ағымдағы жылдың 1-қазанындағы жағдаймен 8,5 млн. теңгеге небәрі 13 түрлі оқулық құрастырылған.
Сонымен бірге есеп комитетінің бақылау шаралары жаңа оқу жылы басталғанына қарамастан, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігін әшкерелеп берді. «Оқу жылының әбден аяғында таратылатын оқулықтан не қайыр? Орнатылғанымен жұмыс істемейтін компьютерден не қайыр? Жұмыс істегенімен, интернетке қосылмаса қандай қажеттігі бар? Талай жылдар өтсе де жүйе әлі дұрыс жолға қойылмаған»,- деді отырыста есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев.
Есеп комитетінің таныстыруы мен нұсқауына сәйкес, «Каз-СТ инжиниринг Бастау» ЖШС бірлескен кәсіпорнына қатысты материалдар құқық қорғау мекемелеріне табыс етілді. Ал ҚР білім және ғылым министрлігіне, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай облыстары мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне осындай заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелеріне жауапкершілік жүктеу жөнніде таныстыру жолданады.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта