Байқоңырдан Venus Express ғарыш аппараты ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан Venus Express ғарыш аппараты ұшырылды

Байқоңырдан Venus Express ғарыш аппараты ұшырылды

Бүгін, 9-қарашада Байқоңыр ғарыш айлағынан Venus Express аппараты "Союз-ФГ" зымыран тасығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогының көмегімен айлақтың №31 алаңынан ұшырылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 9 Қараша 2005
  • 517
Фото - Caravan.kz



Зымыран тасығыш Астана уақытымен 9 сағат 33 минутта ұшырылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Venus Express ғарыш аппараты Венераға жіберілетін ғарыштық зонд болып табылады. Венера ғаламшарын зерттеу жөніндегі бұл жоба туралы ұсыныс 2001-жылы жасалған. Ол Еуропалық ғарыш агенттігінің ғылыми бағдарламасына 2002-жылы енгізілді.
Аппараттың өзі 2003-жылы Марсқа жіберілген Mars Express зондының үлгісі бойынша жобаланған. Venus Express жобасы Венераның атмосферасын зерттеу мақсатын көздейді.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта