Солтүстік Қазақстандық арнаулы қызметтер халықаралық есірткі тасымалдаушы топтың қызметіне тосқауыл қойды. Ұсталғандардан 16 килограмм героин тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстандық арнаулы қызметтер халықаралық есірткі тасымалдаушы топтың қызметіне тосқауыл қойды. Ұсталғандардан 16 килограмм героин тәркіленді

Солтүстік Қазақстандық арнаулы қызметтер халықаралық есірткі тасымалдаушы топтың қызметіне тосқауыл қойды. Ұсталғандардан 16 килограмм героин тәркіленді

ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері халықаралық есірткі тасымалдаушы топтың қызметіне тосқауыл қойды. Ұсталғандардан 16 килограмм героин тәркіленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қараша 2005
  • 344
Фото - Caravan.kz

Есірткі тасымалдау арнасын жабуға бағытталған шараға арнаулы қызметтер үш ай бойы қамданды. Қазақстан және Ресей азаматтарынан 7 адамнан құралған топ 4-қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Келлеровка ауылының жанында ұсталған. 16 килограмм есірткі КамАЗ автокөлігінің қосалқы дөңгелегінде жасырылған. Еліміздің оңтүстігінен шыққан автокөлік Петропавл арқылы Новосибирск қаласына бет алыпты. ҰҚКД-нің бағалауынша, «қара базарда» ұсталған героиннің құны 0,5 млн. доллар тұрады.

Департаменттің тергеу бөлімі осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бұл ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері көзін жойған осымен төртінші есірткі тасымалдау желісі. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1200 килограмды құрайды.

Перейти к новостям спорта