Парламент "2006-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "2006-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң  жобасын екінші оқылымда қарауға кірісті

Парламент "2006-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарауға кірісті

Бүгін, 9-қарашада Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "2006-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарауға кірісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қараша 2005
  • 390
Фото - Caravan.kz



Отырысқа мәжілістің 63, сенаттың 33 депутаты қатысып отыр. «Қажетті кворум қалыптасты»,- деді мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 7-қарашада депутаттар заң жобасын алғашқы оқылымда қабылдады. 2006-жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,4 процентін құрайды немесе 113,8 млрд. теңге болмақ. Республикалық бюджеттің жалпы түсімі 1 трлн. 469,4 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 18,2 процентін құрайды. Ол биылғы жылғы көрсеткіштен 224 млрд. теңгеге немесе 18 процент артық. Бюджет кірісінің негізгі бөлігін салық түсімдері құрайды. 2005-жылғымен салыстырғанда салық көлемі 189,8 млрд. теңгеге артып, 1 трлн. 280,4 млрд. теңгені құрауға тиіс. Салық емес түсімдер 37,7 млрд. теңге көлемінде болжануда.
2006-жылғы республикалық бюджеттің шығындары 1 трлн. 583,2 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 19,6 процентін құрамақ.
Парламентте заң жобасын екінші оқылымда қарау үшін келісім комиссиясы құрылды. Комиссияны сенат депутаты Мүсірәлі Өтебаев басқарады.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта