Парламент 2006-жылға арналған республикалық бюджетті қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент 2006-жылға арналған республикалық бюджетті қабылдады

Парламент 2006-жылға арналған республикалық бюджетті қабылдады

Бүгін, 9-қарашада Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "2006-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қараша 2005
  • 471
Фото - Caravan.kz

Бұл шешім үшін мәжілістің 68, сенаттың 31 депутаты дауыс берді. 1 сенатор қалыс қалды.

Бюджеттің кіріс бөлігі 22,4 млрд. теңгеге артты. Атап айтсақ, әлемдік нарықтағы мұнай бағасының болжамдық бағасы бір баррель үшін 49 долларға қымбаттау мүмкіндігі есебінен кіріс 11 млрд. теңгеге артты. Ол корпоративтік кіріс салығынан бюджетке құйылатын түсімдерді 4,7 млрд. теңгеге, роялти көлемін 6 млрд. теңгеге, Қазақстанның өзара өнім бөлісу жөнінде бұрындары қол қойған келісім-шарттарынан түсетін түсімдерді 300 млн. теңгеге өсіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге елге әкелінетін тауарлардың кедендік баж салығы есебінен бюджеттң кіріс бөлігі 12,1 млрд. теңгеге артты. Ал консулдық алымдардан жиналатын түсімдер 698,5 млн. теңгеге кемітілді.
Тұтастай алғанда 2006-жылғы республикалық бюджеттің түсімдері 1 трлн. 491,8 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 18,5 процентін құрауға тиіс. Ал үкімет 1 трлн. 469,4 млрд. теңге, немесе Жалпы ішкі өнімнің 18,2%-і көлемінде межелеген болатын.
2006-жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы өзгеріссіз қалып, Жалпы ішкі өнімнің 1,4 процентін құрайды немесе 113,8 млрд. теңге болмақ.
Бюджеттің шығыс бөлігі 10,77 млрд. теңгеге кемітілді. Ол бірінші кезекте даму институттарының жарғылық қорын арттыруға бөлінетін қаржы көлемін қысқарту есебінен азайтылмақ. Мәселен, Қазақстан даму банкіне бөлінетін қаржы 2 млрд. теңгеге, Ұлттық инновациялық қорға бөлінетін қаржы 1 млрд. теңгеге, Инвестициялық қорға бөлінетін қаржы 1 млрд. теңгеге кемиді.
Сонымен бірге үкіметтің қарызын өтеуге арланған қаржы көлемі 2,6 млрд. теңгеге, «электрондық үкімет» құруға арналған қаржы 1,2 млрд. теңгеге, президенттің іс басқармасына арналған нысандарды салу қаржысы 3 млрд. теңгеге төмендітілді.
«Сөйтіп бірлескен комиссияның құзырына таратуға берілген қаржы көлемі 33,189 млрд. теңгені құрады»,- деді парламент палаталарының бірлескен отырыында келісім комиссиясының төрағасы Мүсірәлі Өтебаев.
Келісім комиссиясында бюджеттің шығыс бөлігі 22,419 млрд. теңгеге арттырылып, 1 трлн. 605,6 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 19,9 процентін құрады. Ал үкімет ұсынған нұсқаға сәйкес 1 трлн. 359 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 20 процентін құрауға тиіс болатын.
Білім беруге арналған қаржы көлемі 5,5 млрд. теңгеге, денсаулық сақтауға арналған қаржы 2,6 млрд. теңгеге, әлеуметтік қамсыздандыру қаржысы 1,2 млрд. теңгеге, ауылшаруашылығына арналған қаржы 7,9 млрд. теңгеге көбейтілді. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке арналған қаржы 2,6 млрд. теңгеге, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке бөлінетін қаржы 2,6 млрд. теңгеге, транспортқа арналған қаржы 1 млрд. теңгеге артты.

Перейти к новостям спорта