Еврокомиссия Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуін қолдау үшін 1 млн. евро бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еврокомиссия Қазақстанның  Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуін қолдау үшін 1 млн. евро бөледі

Еврокомиссия Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуін қолдау үшін 1 млн. евро бөледі

Еврокомиссия Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қолдау көрсетуге арналған 24 айлық жобаны қаржыландыруға 1 млн. евро бөледі. Бұл туралы бүгін, 9-қарашада Астанада өткен баспасөз мәслихатында Еврокомиссияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Адриан ван дер Меер құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қараша 2005
  • 528
Фото - Caravan.kz

«Еврокомиссия Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа одан әрі интеграциялануынан мүдделі және біз үшін Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі маңызды. Бұл қазақстандық өнімдердің сауда-саттық әлеуетін арттыруға және елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді»,- деді өкілдік басшысы.

Оның айтуынша, «жоба аясында Еуропалық сарапшылар Қазақстандағы техникалық реттеу және стандарттау саласындағы қолданыстағы құқықтық принциптерді Дүниежүзілік сауда ұйымының техникалық кедергілер жөніндегі келісімі мен Еуропалық Одақтың тиісті заңнамаларымен сәйкестендіру бағытында жұмыс істейтін болады».
Өз кезегінде ҚР индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетовтың хабарлауынша, «қазір ТАСИС сарапшыларымен бірлесе еліміздің заңнамалық базасына шұғыл ревизия жүргізілуде». «Үкімет басымдық берілген 30 заң жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Олардың көмегімен мемлекет пен бизнестің қауіпсіздік саласындағы міндеттемелерінің ара жігі анықталады. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында аталмыш заң жобалары бойынша парламенттік тыңдаулар өтеді»,- деді ол.
«Қазіргі таңда «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» заң жобалары жасалуда»,- деді Ғ.Мұхамбетов.
Сонымен бірге жобалардың аясында ҚР индустрия және сауда министрлігінің жанындағы Дүниежүзілік сауда ұйымының ақпараттық орталығы мамандарының кәсіби біліктілігін көтеру шарасы жоспарланған.

Перейти к новостям спорта