«Бюджеттің басты идеологиясы экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру сынды стратегиялық міндетті шешуге жұмыла күш жұмсауға бағытталады»,- деді Д.Ахметов.
Үкімет басшысы парламентке бюджет жобасымен жұмыс істеудегі кәсіпқойлығы мен конструктивті көзқарасы үшін ризашылығын білдірді. Д.Ахметов бұл істе парламент пен үкіметтің жоғары деңгейде ықпалдастыққа қол жеткізгенін атап өтті.
Д.Ахметовтың пікірінше, 2006-жылғы бюджет «президенттің жолдауында айтылған барлық проблемаларды қамтып, мемлекет басшысының тапсырмасын толық орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді».