Украина Жоғарғы радасының төрағасы ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина Жоғарғы радасының төрағасы ресми сапармен елімізге келеді

Украина Жоғарғы радасының төрағасы ресми сапармен елімізге келеді

10-11-қарашада Украина Жоғарғы радасының төрағасы Владимир Литвинов ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне парламент мәжілісі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қараша 2005
  • 472
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында Жоғарғы раданың спикері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, парламент сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен, ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен, мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездеседі.

О.Мұхамеджанов пен В.Литвиннің кездесуінің қорытындысы бойынша парламент мәжілісі мен Украина Жоғарғы радасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.
Украина Жоғарғы радасы төрағасының сапары бағдарламасында Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қою, Елбасының мәдени орталығын, «Астанабасжоспары» ҚКК, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен «Бәйтерек» кешенін аралау межеленген. Сонымен бірге Украинаның Қазақстандағы елшілігінде болу және жергілікті украина диаспорасы өкілдерімен кездесу көзделіп отыр.

Перейти к новостям спорта