Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясының қызметкері кісі өлтіруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясының қызметкері кісі өлтіруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясының қызметкері кісі өлтіруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясының қызметкері кісі өлтіруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қараша 2005
  • 316
Фото - Caravan.kz

Аудандық қаржы полициясының қызметкері 8-қарашада Сарыағаш ауданында ұсталды. Ол осы ауданның 29 жастағы тұрғынын өлтіруге әрекет жасады деген күдік бар.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, 6-қарашада түнгі сағат 23 шамасында жәбірленуші кеудесі, оң жақ жамбасы мен жіліншігінен жараланып, аудандық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, жәбірленуші ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ретінде полицияда тіркеуде тұр және ол бопсалаушы күдікті ретінде танылған.
8-қарашада аурухананың жанында 60-тай адам жиналып, жәбірленушіні полиция қызметкері жаралағанын және оны өздері қорғауға алатынын мәлімдеді.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысының хабарлауынша, тергеу мекемелері мұндай әрекеттерді тергеуге кедергі келтіру деп бағалайды. Ал жәбірленушінің өзі әл үстінде жатқандықтан тергеушілерге жауап бере алмаған.

Перейти к новостям спорта