Қорғаныс министрі Қазақстанның қарулы күштерін дамыту мен трансформациялау бағытында қолбасшылар құрамының алдына бірнеше мақсат қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрі Қазақстанның қарулы күштерін  дамыту мен трансформациялау бағытында қолбасшылар құрамының алдына бірнеше мақсат қойды

Қорғаныс министрі Қазақстанның қарулы күштерін дамыту мен трансформациялау бағытында қолбасшылар құрамының алдына бірнеше мақсат қойды

Бүгін, 9-қарашада Таразда ҚР Қарулы күштерінің қолбасшылары құрамының жиыны барысында Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев Қазақстанның қарулы күштерін қарқынды дамыту мен трансформациялау бағытында қолбасшылар құрамының алдына бірнеше мақсат қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қараша 2005
  • 494
Фото - Caravan.kz

М.Алтынбаев кәсіпқой армия жасақтау , қару-жарақ, әскери техниканы жаңалау, әскери инфрақұрылымды жетілдіру, әскери білім беру саласын дамыту, әскерилердің тұрмыс-тіршілігі мн әл-ауқатын арттыруға баса назар аударды. Сонымен бірге қорғаныс министрі Қазақстан армиясының беделін арттыру үшін «қолда бар күш-жігерді жұмылдыру керек» деп атап өтті.

М.Алтынбаев мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес отандық әскери білім беру саласы жетілдіріле бастағанын атап өтті. Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдермен, сондай-ақ, Солтүстік Атлантикалық Альянстың бағдарламалары аясындағы халықаралық әскери ынтымақтастық қарқынды дамып келеді.
ҚР Қарулы күштерінің қолбасшылары құрамының жиыны «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының базасында өтті.

Перейти к новостям спорта