Үкіметте табиғат қорғау қызметінің кейбір мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте табиғат қорғау қызметінің кейбір мәселелері талқыланды

Үкіметте табиғат қорғау қызметінің кейбір мәселелері талқыланды

Кеше 9-қарашада премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен өткен кеңесте табиғатты қорғау қызметінің кейбір мәселелері талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Қараша 2005
  • 354
Фото - Caravan.kz

Кеңесте атап өтілгендей, қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеуді есептеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Сарапшылардың пікірі бойынша, бірыңғай базалық ставканың енгізілуі есептерді ауаға тасталған зиянды заттарға қатысты нақты, оңай әрі ашық мәліметтердің негізінде жүргізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, төлемдер ставкасын «сезілгіш деңгейге» дейін арттыру ластау көлемін қысқартуға және таза технологияларды енгізуге мүмкіндік туғызады.

Ұсынылған ақпаратты тыңдай келе, үкімет басшысы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бірыңғай ақы төлеу ставкасын белгілеу туралы көзқарасын мақұлдады және қоршаған ортаны ластау көлемін қысқартуды ынталандырудың экономикалық тетіктерін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруға тапсырма берді.
Үкімет басшысы әсіресе, Қазақстанда әзірленіп жатқан есептеу ставкасы әдістемесі мен тарифтерді қазіргі кездегі әлемдік стандартқа бейімделу қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты Даниал Ахметов қоршаған ортаны қорғау министрлігіне аталған саладағы беделді халықаралық компаниялар мен экологиялық ұйымдарды осы жұмысқа тартуды тапсырды.

Перейти к новостям спорта