Қарағандылық тәртіп сақшылары Ресей азаматынан 12,8 мың жасанды АҚШ долларын тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық тәртіп сақшылары Ресей азаматынан 12,8 мың жасанды АҚШ долларын тәркіледі

Қарағандылық тәртіп сақшылары Ресей азаматынан 12,8 мың жасанды АҚШ долларын тәркіледі

Қарағанды ішкі істер департаментінің күзет полициясының жасағы Ресей азаматынан 12,8 мың жасанды АҚШ долларын тауып тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қараша 2005
  • 335
Фото - Caravan.kz

43 жастағы еркек «Шығыс» орталық базарында ұсталды. Ол Қарағандыға Ресейден 5-қарашада келген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «тәркіленген ақшаның жасанды екені айқын көрініп тұр».

Ұсталған адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «қолдан ақша жасау немесе сату» жөніндегі 206-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта