Польшалықтар Қазақстанға экономикалық бас қосу өткізуді ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польшалықтар Қазақстанға экономикалық бас қосу өткізуді ұсынуда

Польшалықтар Қазақстанға экономикалық бас қосу өткізуді ұсынуда

Польшалықтар Қазақстанға 2006-жылы экономикалық бас қосу өткізіп, екі ел арасындағы экономикалық және туристік ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылауды ұсынуда. Қазақстандағы демократиялық өзгерістер тақырыбы бойынша Варшавада өткен дөңгелек үстелде "Польша-Шығыс" қоғамының төрағасы Стефан Наврот осындай ұсыныс білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Қараша 2005
  • 407
Фото - Caravan.kz

Форумда сөз сөйлеген С.Наврот тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық даму салаларындағы жетістіктерді жоғары бағалады. Ол Қазақстандағы экономиканың ашықтығы мен демократиялық даму принциптерін жүзеге асыруда үлкен табыстарға қол жеткізгенін және Польшалық іскерлер мен қоғам тарапынан Қазақстанға қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.

1990-жылы құрылған, ТМД және басқа да дүниежұзі елдерімен байланыстар орнатқан «Польша-Шығыс» қоғамына Польшаның қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ортасының өкілдері енеді. Қоғам мүшелерінің қатарында 25 мыңдай адам бар.

Перейти к новостям спорта