ТМД миссиясы Қазақстандағы бақылаушыларының желісін кеңейтпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД миссиясы Қазақстандағы бақылаушыларының желісін кеңейтпекші

ТМД миссиясы Қазақстандағы бақылаушыларының желісін кеңейтпекші

ТМД елдері бақылаушыларының миссиясы Қазақстандағы өз филиалдарының желісін кеңейтпекші. Бұл туралы бүгін, 10-қарашада ТМД бақылаушылары миссиясының жетекшісі Владимир Рушайло ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековпен кездесуде құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қараша 2005
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандағы президент сайлауын біз айрықша маңызды саяси оқиға деп бағалаймыз және ТМД елдері бақылаушыларының миссиясын жасақтауға ғана емес, жалпы сайлау барысына мониторинг жасау барысының барлық кезеңдерін ұйымдастыру ісіне үлкен жауапкершілікпен қараймыз»,- деді В.Рушайло. «Біз өз филиалдарымыздың желісін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Әзірге біз тек Алматыда жұмыс істемекшіміз. Бірақ алдағы уақытта басқа қаладарда да филиалдарымыз болуға тиіс деп санаймыз»,- деді ол.

Ал О.Жұмабеков ҚР Орталық сайлау комиссиясының атынан «бұл шешімге қолдау білдірді». «Біз ТМД елдерінің бақылаушылары тек облыс орталықтарында ғана емес, сонымен бірге аудандарда да жұмыс істегенін қалаймыз. Біз жақтан ешбір шектеу немесе тосқауыл қойылмайды»,- деді О.Жұмабеков.
В.Рушайлоның хабарлауынша, «ТМД елдерінің елшілік қызметкерлері ұзақ мерзімді бақылаушылар ретінде тартылады. Қазіргі жағдаймен шекаралық аймақтардағы сайлау учаскелерінде бақылушылық жасауды қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде».
«Сайлау барысына жасалатын мониторинг саяси бейтараптық, әділеттілік, сайлау барысы мен мемлекеттің ішкі ісіне араласпау принциптерінің негізінде іске асырылады»,- деді В.Рушайло.
«Біз Орталық сайлау комиссиясының барлық үміткерлер үшін бірдей жағдай жасауға бағытталған қадамдарын жоғары бағалаймыз. Бұл құбылыстар сайлауды демократиялық жолмен әрі ашық өткізудің маңызды құрамдас бөлігі деп бағамдаймыз»,- деді ол.
Бүгін сонымен бірге ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы В.Рушайлоға 1-ші санды бақылаушы куәлігін табыс етті.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, бүгінде ТМД атынан елімізде 104 бақылаушы аккредитацияланды.

Перейти к новостям спорта