БҰҰ мемлекеттік басқару саласындағы реформаларды қолдау үшін Қазақстанға қосымша 400 млн. доллар бөлмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ мемлекеттік басқару саласындағы реформаларды қолдау үшін Қазақстанға қосымша 400 млн. доллар бөлмекші

БҰҰ мемлекеттік басқару саласындағы реформаларды қолдау үшін Қазақстанға қосымша 400 млн. доллар бөлмекші

БҰҰ мемлекеттік "Қазақстан Республикасындағы басқару саласындағы реформаларды қолдау" атты бірлескен жобаны жүзеге асыруға қосымша 400 млн. доллар бөлмекші. Осы жөніндегі мәмілеге ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Зауытбек Тұрысбековтың БҰҰ бас хатшысының көмекшісі, ТМД және Еуропа елдері жөніндегі аймақтық бюросының директоры Кальман Мижемен және БҰҰ-ның Қазақстандағы толық құқылы өкілі Юрико Шоджимен кездесуінде қол жеткізілді.

  • 10 Қараша 2005
  • 372
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жобада мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және халыққа «бір терезе» принципімен қызмет көрсету орталықтарын іске қосу қарастырылған.

«Жобаның нәтижелері үкімет қабырғасында құрылған мемлекеттік қызметтің сапасы мен оларды көрсету стандарттарын арттыру жөніндегі ұсыныстарды жобалаушы мекемеаралық жұмыс тобы мүшелерінің оң бағасына ие болды. Сонымен бірге оны ҚР әділет министрлігі халыққа біртұтас қызмет көрсету орталықтарын құруда пайдаланды»,- делінген агенттіктің баспасөз баянында.

Перейти к новостям спорта