ҚР СІМ Аммандағы жарылыстардан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар - жоқтығын анықтап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Аммандағы жарылыстардан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар - жоқтығын анықтап жатыр

ҚР СІМ Аммандағы жарылыстардан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар - жоқтығын анықтап жатыр

Қазір ҚР СІМ Аммандағы жарылыстардан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар - жоқтығын анықтап жатыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қараша 2005
  • 308
Фото - Caravan.kz

«СІМ дипломатиялық желілер арқылы тексерумен шұғылданып жатқан құзырлы құрылымдармен байланысқа шығып, лаңкестік әрекеттер орнында Қазақстан азаматтары болған-болмағанын анықтау үстінде», деді баспасөз қызметіндегілер.

Шетелдік БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, сәрсенбі күні кешкісін Аммандағы үш бірдей халықаралық мейманханада жарылыстар болған.
Лаңкестік әрекеттер салдарынан Амманда кем дегенде 67 адам опат болды. Түрлі ақпараттарға сәйкес, жараланғандар саны 150-300 адам аралығында.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 10-қарашада Иордания королі Абдалла II бен Хусейн бен Талал бен Абдалла Аммандағы жарылыстарға байланысты Қазақстанға ресми сапарын мерзімінен бұрын аяқтап, еліне оралды.

Перейти к новостям спорта