Мәжіліс сақтандыру заңнамасына енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс сақтандыру заңнамасына енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Мәжіліс сақтандыру заңнамасына енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 10-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қараша 2005
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасы арқылы сақтандыру саласындағы тәуекелдерді топтар мен түрлерге бөлуді халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын жетілдіру, сақтандыру іс-қызметін қадағалау және реттеу стандарттарын Еуропалық Одақтың тәжірибесіне сәйкестендіру көзделген»,- делінген мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Атап айтсақ, Азаматтық кодекске енгізілетін өзгеріс бойынша заңды тұлғалар мен азаматтардың кез-келген мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны бола алады деп нақтыланған. Сонымен бірге сақтандыру жинақтарына қатысты түзетулер енгізіліп, олар аталмыш сақтандыру түрін қолдану барысындағы түрлі мәселелерді ескереді. «Түзетулер жинақтық сақтандырудың ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Бұл аталмыш сақтандыру түрінің дамуына түрткі болуға тиіс»,- делінген қорытындыда.
Сақтандыру іс-қызметі туралы заңға қазіргі қолданыстағы сақтандыру түрлерінің классификациясына өзгерістер енгізіледі. «Ол сақтандыру түрлерін жіктеуді Еуропалық Одақтың директиваларына сәйкестендіруге және отандық сақтандырушылардың тәуекелдерін халықаралық нарықта қайтадан сақтандыру проблемаларын шешуге мүмкіндік береді».
«Заң жобасы еліміздің сақтандыру ұйымдарына ассистант-тең сақтандырушыларға қызмет көрсету құқығын береді. Ол Қазақстанның сақтандыру рыногындағы қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді»,- делінген қорытындыда. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңға енгізілетін түзетулер арқылы кепілдік төлемдерін беру негіздері, тәртібі мен мерзімі нақтыланған.
Заң жобасы мәжілістің салалық комитетіне екінші оқылымға дайындау үшін жолданды.

Перейти к новостям спорта