Алматы облысында автобус құлау салдарынан 6 адам қаза тауып, 11-і жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында автобус құлау салдарынан 6 адам қаза тауып, 11-і жараланды

Алматы облысында автобус құлау салдарынан 6 адам қаза тауып, 11-і жараланды

Бүгін, 10-қарашада Алматы облысының Ақсу ауданында "Сетра" маркалы жолаушылар тасымалдайтын автобустың аударылуы салдарынан 6 адам қаза тауып, 11-і жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қараша 2005
  • 334
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, жол апаты түнгі 12 сағат 20 минутта болған. Автобус Самарадан Алматыға бет алған екен. 65 жастағы автобус жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолының 346-шы шақырымында автобусты аударып алды. Зардап шеккендер Талдықорғандағы аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қазір жол апатының себептері анықталу үстінде.

Перейти к новостям спорта