Мәжіліс "Алқа билер туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Алқа билер туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Алқа билер туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Бүгін, 10 -қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Алқа билер туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қараша 2005
  • 639
Фото - Caravan.kz

Бұл заң арқылы Қазақстанда алқа билер сотының құрлықтық немесе континенталдық үлгісі қолданысқа енгізіледі.

Палатаның заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысы бойынша, «заң жобасы алқа билердің құқықтық мәртебесін белгілеу, алқа билердің қатысуымен өткізілетін сот отырысының жұмысын ұйымдастыру мәселелерін реттеу мақсатымен жасалған».
«Заң жобасы жергілікті атқарушы билік органдарының тиісті әкімшілік бірлік аумағында тұратын азаматтардың қатарынан алқа би болуға лайықты үміткерлердің тізімін жасауға өкілеттілігі мен міндеттерін айқындап береді»,- делінген қорытындыда.
Сонымен бірге заң жобасында үміткерлердің тізімін «барлық азаматтар үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз ететіндей» жағдайда жасау және тізім жасау барысында жариялылық пен ашықтық принципіне бағыну процедурасы қарастырылған».
Заң жобасы алқа билердің еңбегі мен олардың қылмыстық істерді қарауға атсалысу мерзімін реттейді. Заң жобасында алқа билердің тәуелсіздігінің кепілдігі заңдастырылған. Ол «соттың обьективтілігіне түрткі болмақ».
Сонымен бірге мәжіліс «Сот өндірісін алқа билердің қатысуымен өткізу үрдісін қолданысқа енгізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Бұл заң алқа билердің қылмыстық істерді қарауға атсалысуын реттейді.
Заңдар сенаттың қарауына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта