Мәжіліс Қазақстан даму банкінің іс-қызметіне қатысты заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстан даму банкінің іс-қызметіне қатысты заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан даму банкінің іс-қызметіне қатысты заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 10-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан даму банкінің іс-қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қараша 2005
  • 358
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Әсет Есекешевтің айтуынша, «заң жобасы Қазақстан даму банкінің лизинг тәсілін қолдану арқылы ел экономикасын әртараптандыру бағытытндағы инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған».

Атап айтсақ, енгізілетін өзгерістер арқылы лизинг берушілердің операцияларын Қазақстан даму банкі тарапынан аккредитациялау тыйымы алынады. Бұл дәстүрлі несиелік операциялардан кешенді қаржылық қызмет көрсетуге ден қоюға және сол арқылы банкке ел экономикасын өңдеу өнеркәсібі, өндірістік және транспорттық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мейлінше арзан лизингтік операциялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта