Шымкентте жасөспірім қыздардан құралған қылмыстық топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жасөспірім қыздардан құралған қылмыстық топ құрықталды

Шымкентте жасөспірім қыздардан құралған қылмыстық топ құрықталды

Шымкенттік тәртіп сақшылары үш жасөспірім қыздан құралған қылмыстық топтың әрекеттерін әшкереледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Қараша 2005
  • 706
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар 10-қараша бейсенбіде ұсталған. Қыздарға бірнеше қарақшылық шабылға қатысы бар деген айып тағылып отыр. Тергеу алдындағы материалдардан мәлім болғанындай, олар құрбандарына пышақ көрсетіп қорқыту арқылы бағалы заттарын тартып алатын болған.

Шымкентте тұратын 16 және 17 жастағы бұл қыздардың бірі 9-шы, екіншісі 11-ші сыныпта оқыса, үшіншісі оқудан шығып кеткен, жұмыссыз.
Ұсталғандардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «Алдын-ала ауыз жаласу арқылы қару немесе қару ретінде қолданылатын заттарды пайдаланып қарақшылық шабуыл жасау жөніндегі» 179-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 5-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы жүктеледі.

Перейти к новостям спорта