Ресей мен Қазақстан ЕурАзЭҚ іскерлік кеңесінің бизнес бас қосуында кеден мәселелерін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қазақстан ЕурАзЭҚ іскерлік кеңесінің бизнес бас қосуында кеден мәселелерін талқылайды

Ресей мен Қазақстан ЕурАзЭҚ іскерлік кеңесінің бизнес бас қосуында кеден мәселелерін талқылайды

Бүгін, 11-қарашада Мәскеуде өтетін ЕурАзЭҚ іскерлік кеңесінің "ЕурАзЭҚ аясындағы біртұтас кедендік кеңістіктің мүмкіндіктерін қоғамдастықтың іскерлік өмірін жандандыру мақсатында пайдалану" тақырыбындағы бизнес бас қосуында Ресей мен Қазақстан арасындағы кедендік ықпалдастық мәселелері талқыланады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ЕурАзЭҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қараша 2005
  • 375
Фото - Caravan.kz

Шараға кеден қызметінің, мүдделі министрліктер мен мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен іскерлік сала өкілдері, сарапшылар мен аталмыш проблемаға қатысты Ресейлік және Қазақстандық мамандар қатысады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге бас қосуда кедендік тәртіптерді одан әрі жетілдіру тақырыбы да талқыланады.
ЕурАзЭҚ 2000-жылдың қазан айында құрылған. Қоғамдастыққа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан енеді. Армения, Молдова және Украина Қоғамдастық жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.

Перейти к новостям спорта