Елбасы Украина Жоғарғы радасының төрағасымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Украина Жоғарғы радасының төрағасымен кездесті

Елбасы Украина Жоғарғы радасының төрағасымен кездесті

Бүгін, 11-қарашада Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Жоғарғы радасының төрағасы Владимир Литвинді қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Қараша 2005
  • 324
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Н.Назарбаев В.Литвинге Қазақстанның даму перспективасы туралы әңгімелеп берді. «Алға қойған жоспарлар ауқымды. Дегенмен, өзара ынтымақтастықты, соның ішінде экономика саласындағы байланыстарды тереңдетуде Қазақстан мен Украина қазіргі бар мүмкіндікті толық пайдалана алған жағдайда нәтиже тіптен еселене түсер еді. Бұл бағыттағы мүмкіндіктер шектеусіз»,- деді В.Литвин президентпен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында.

«Өкінішке орай әсіресе Украина жағы мүмкіндіктерді толық пайдалана алмай отырғанын атап өтуге тиіспін. Қазақстан президентінің Украинаға сапары кезінде парламентте өтетін кездесулер парламентаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін не істеу керектігін анықтап алуға мүмкіндік береді деген үміттеміз»,- деді ол.
ҚР СІМ-нің мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 2005-жылдың 9 айында 751 млн. долларды құрады.

Перейти к новостям спорта