1895-жылы іргетасы қалаған Лондондағы экономика және саяси зерттеулер мектебі экономикалық және саяси-әлеуметтік мамандықтар бойынша мамандар дайындап зерттеулер жүргізетін жетекші ғылыми-әдістемелік оқыту орталығы болып табылады. Академиялық әлемде ол кіршіксіз беделге ие.
Дәрістер бағдарламасын Ұлыбританиялық мамандар ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің тапсырысы бойынша дайындаған. Сабақтар барысында қазіргі заманғы ғаламдық саясаттың дамуы, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, макро- және микроэкономикалық саясатты үйлестіру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, билік пен жергілікті басқаруды орталықсыздандыру, шетелдердегі жекешелендіру тәжірибесі тәрізді мәселелер пысықталады.
Қазақстандық өкілдер Ұлыбритания парламенті мен үкіметінде, халықаралық даму, сауда және өнеркәсіп департаменттерінде, сондай-ақ, сыртқы істер министрлігінде болады.
«Агенттік биыл мемлекеттік қызметкерлер үшін АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды және Сингапурдың беделді оқу орталықтарында біліктілігін жетілдіру дәрістерін ұйымдастырды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.