А.Миллердің айтуынша, Орынбор мұнай өңдеу зауытының негізінде бірлескен кәсіпорын құру жобасының аясында «Қарашығанақ кенішінен шыққан газды жеткізуге ұзақ мерзімді келісім-шартына қол қою көзделген».
«Бұл — ауқымды жоба және ол Қазақстан үшін де, Ресей үшін де бірдей тиімді»,- деді А.Миллер.
Сонымен бірге «Газпром» басшысы президентпен кездесуде бүгін қол қойылған Орталық Азия газын Қазақстан аумағы арқылы, Қазақстан газын Ресей аумағы арқылы транзитті тасымалдау туралы 5 жылдық орта мерзімді келісім-шарты туралы талқыланғанын хабарлады. «Бұл өзара ынтымақтастықтың жаңаша кезеңге көтерілгенін айғақтап береді»,- деді ол.
«Газпром мен жалпы Ресейлік бизнес Қазақстанда өзін еркін сезінеді. Бұған президент Назарбаев — кепіл»,- деді А.Миллер.