О.Жұмабековтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы мемлекет басшысы лауазымынан үміткерлердің бәріне де телепікірсайысқа қатысу туралы ұсыныс жасаған». Оған келісімін берген жағдайда президенттіктен үміткерлер қатысатынын 10-қараша күнгі 24 сағатқа дейін хабарлауға тиіс болатын. «Үміткерлерге хат жолданды. Алайда әзірге жауап келген жоқ»,- деп атап өткен комиссия төрағасы «бұл мәселе таяу күндерде шешілуі мүмкіндігін» жоққа шығармады.
О.Жұмабеков осы орайда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда телепікірсайыстар ұйымдастыру қарастырылмағанын атап өтті.