«Сайлаудың заңды өтуінен баршамыз мүдделіміз»,- деді Н.Әбіқаев.
Ол сонымен бірге сенбі күні сенаторлардың өз аймақтарына сапарға шығып, сайлаушылар, атқарушы билік өкілдері мен президенттіктен үміткерлердің жақтастарымен жүздесетінен хабарлады. Н.Әбіқаевтың айтуынша, депутаттар заң аясынан шықпау қажеттігін түсіндіретін болады. «Мен осындай тапсырма бердім»,- деді сенат спикері.
«Қазіргі басты мақсат — жергілікті атқарушы билік өкілдерінің президент үшін «артық қыламын деп, тыртық қылдымның» керін келтіріп жүрмесе болғаны. Ең бастысы, жергілікті жерлерде бар нәрсе заң шеңберінен шықпағаны жөн»,- деді ол.