Үкіметте тау-кен өнеркәсібін дамыту перспективасы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте тау-кен өнеркәсібін дамыту перспективасы талқыланды

Үкіметте тау-кен өнеркәсібін дамыту перспективасы талқыланды

Тау-кен өнеркәсібін дамыту перспективасы премьер-министр Даниал Ахметов төрағалық еткен кеңесте талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіүкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қараша 2005
  • 460
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, «Қарағанды облысының көмір кен орнында метан алу өнеркәсібін зерттеу» жобасының негізгі сипаттамасы қаралды, сондай-ақ оны қаржыландыру мәселесі талқыланды.

Кеңесте атап өтілгендей, Қарағанды көмір бассейні бойынша жүргізілген метан іздеу-бағалау жұмыстарының нәтижесінде болашағы бар екі участке анықталды.
Талдықұдық участкесінде метан барлау және өңдеуде жер қойнауын пайдалану құқығы ашық байқау нәтижесінде «Total Қазақстан» ЖШС-не беріліп, метан өңдеу мақсатында техникалық-экономикалық негіздеме жасалған.
Премьер-министр ұсынылған ақпаратты тыңдай келе, мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізу және жобаға қосымша инвестиция тарту мәселесін пысықтау туралы тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта