Макроэкономикалық үрдістер. 2005 жылдың қаңтар-қыркүйегінде жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі жедел деректер бойынша ағымдағы бағамен 5169,3 млрд. теңгені құрады. Нақты ЖІӨ-нің өсуі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 108,9% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі ЖІӨ-ден 43,2%, қызмет көрсету — 52,9% құрады.
Тұтыну бағаларының индексі 2005 жылдың қазанында 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары мен тарифтері 5,4%, азық-түлік емес тауарлардың — 5,9%, ақылы қызметтердің — 7,3% өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2005 жылдың қазанында 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 23,6% өсті.
2005 жылғы қазанда жұмыссыздар саны сараптық бағалау бойынша 646,4 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына 8,2% құрады, соның ішінде ағымдағы жылғы қазанның соңына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 102,2 мың адам, олардың экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі 1,3%.
Экономиканың нақты секторы. 2005 жылдың қаңтар-қазанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 4153,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтар-қазандағыдан 4% артық. Өндіріс көлемі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде — 3,4%, өңдеу өнеркәсібінде — 5%, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде — 2,5% өсті.
2005 жылдың қаңтар-қазанында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 658,8 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 6,5% өсті.
2005 жылдың қаңтар-қазанында жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 1584,4 млн. тоннаны құрап, 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,6% өсті.
Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 1060,4 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 12,1% артты.
2005 жылдың қаңтар- қазанында негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 1614,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтар-қазандағыдан 1,2 есе жоғары.
2005 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша республикада 224537 заңды тұлға тіркелген, соның ішінде қызметкерлерінің саны 50 адамға дейін — 211184. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар — 171967. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар — 159496 құрайды, олардан шағын бизнес субъектілері — 113370.
Сыртқы сауда. 2005 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ақпараты, ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 33004,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2004 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 42,2% өсті, соның ішінде экспорт — 20460,6 млн. АҚШ доллары (45,2% өсті), импорт — 12544,0 млн. АҚШ доллары (37,6% өсті).
Қаржы. 2005 жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен табыстар көлемі 1383,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы 1 қазандағыдан 49,5% артық, шығындар — 1153,3 млрд. теңге (2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 22,1% көп).
Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2005 жылғы қыркүйекте қаржылық нәтиже табыс есебінде 176,2 млрд. теңге сомасында анықталды, бұл 2004 жылғы қыркүйектегіден 19,9% жоғары. Пайдалылық деңгейі — 33,2%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындардың үлесі 36,2% құрады.
2005 жылғы 1 қазанға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 2118,5 млрд. теңгені құрады. Олардың өсуінің тұрақты серпіні байқалады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі 68,2%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 49% құрады. 2005 жылғы 1 қазанға банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 1601,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы 1 қазандағыдан 57,4% көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары), тиісінше, 523,8 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы 1 қазандағыдан 31,2% көп.
Халық табысы. 2005 жылғы қыркүйекте, бағалау бойынша, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 16430 теңге құрап, 2004 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда — 24,9%, нақты ақшалай табысы — 15,8% өсті.
2005 жылғы қыркүйекте қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 35367 теңгені құрады және 2004 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 24,4% өсті, Нақты жалақы 15,3% өсті.