Алматыда Заманбек Нұрқаділов қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Заманбек Нұрқаділов қаза тапты

Алматыда Заманбек Нұрқаділов қаза тапты

2005-жылдың 12-қарашасында 19 сағат 31 минутта жедел жәрдем бригадасы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің шұғыл басқару орталығына Заманбек Нұрқаділовтың қаза тапқаны туралы хабарлады. Ол Алматыдағы Луганск көшесінің бойындағы өз үйінен табылған. Үш оқ тиген З.Нұрқаділов сол күні сағат 19 бен 19 сағат 31 минут аралығында қайтыс болған. Үш оқтың екеуі жүрегіне, енді бірі бастан тиген екен. Оқиға орнына Алматы қалалық ішкі істер департаменті, Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің шұғыл тергеу топтары, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал -майор Молдияр Оразалиев , ҰҚКД мен Алматы қалалық прокуратурасының басшылығы келіп жетті.

  • 14 Қараша 2005
  • 2426
Фото - Caravan.kz

Оқиға орнына жасалған тексеру барысында З.Нұрқаділовтың мәйітінің жанынан оның 9 мм-лік «Кобальт» маркалы тапаншасы табылды. Тапаншаны 1998-жылы оған ҚР ІІМ қайырбек Сүлейменов сыйлаған. Ол министрдің рұқсатының негізінде үйде сақталған екен. З.Нұрқаділовтың мәйітін жұбайы Мапал Жүнісова үйдегі бильярд ойнайтын бөлмеден тауып алған.

Марқұмның үйі 2,5 метрлік биік бетон дуалмен қоршалған, аулада арасын 2 метрлік қоршау бөліп тұрған екі үй бар. Үйлерден көшеге екі жерден шығуға болады. Бір есік Луганск көшесіне, екіншісі батыс жақтағы кішкентай көшеге қараған.
Екі жерде де металл қақпалар орнатылып, олар әр үймен домофон байланысы арқылы жалғастырылған. Және олар екі жердегі күзетшілер орнымен пульт арқылы жалғастырылған басқармалы құлыппен және щеколдамен қосылған.
Усадьба аумағы бетон қоршаудың әр жерінде орнатылған 16 бейнекамерамен ұдайы бақыланады. Барлық бейнеақпарат онлайн режимінде күзетшілер орнындағы мониторларға беріледі.
Бейнежазбаларға жасалған талдау сол күні үй аумағына сырттан ешкім енбегенін көрсеткен.
З.Нұрқаділовтың қазасына байланысты Алматы қалалық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Өлім себептерін анықтау үшін Алматы қалалық ішкі істер департаментінде ең тәжірибелі қызметкерлерден арнаулы шұыл тергеу тобы құрылды.
Полиция кісі өлімі шыққан кезде усадьба аумағында болған барлық адамдарды анықтады. Сот-медициналық сараптама қаза тапқан адамның туыстары мен ҚР ІІМ-нің орынбасары Қалмұханбет Қасымов пен Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бастығы М.Оразалиновтың қатысуымен Алматы қалалық мәйітханасында жасалды.
Тергеушілер оқиғаға байланысты барлық жорамалдарды қарастырып жатыр.

Перейти к новостям спорта