2005-2007-жылдарда Қазақстанда 100 мың оқушыға есептелген 249 мектеп салу көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-2007-жылдарда Қазақстанда 100 мың оқушыға есептелген 249 мектеп салу көзделіп отыр

2005-2007-жылдарда Қазақстанда 100 мың оқушыға есептелген 249 мектеп салу көзделіп отыр

2005-2007-жылдарда Қазақстанда 100 мың оқушыға есептелген 249 мектеп салу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін, 14-қарашада парламенттегі үкімет сағатында ҚР білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қараша 2005
  • 482
Фото - Caravan.kz

«Тек 2006-жылы республикалық бюджеттен мектепке дейінгі және орта білім беру базасын материалдық-техникалық тұрғыда нығайту және жаңа мектептер салуға 20 млрд. теңге бөлінеді»,- деді министр.

Б.Әйтімованың айтуынша, ағымдағы жылы «1-қарашадағы жағдаймен жоспарланған 65 мектептің 20 мың орынға есептелген 50-і ашылды. Сонымен бірге 983 мектеп күрделі жөндеуден өтсе , 6,5 мың оқу орнына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді».
Бұған қоса мектептерді мультимедиялық кабинеттермен қамтамасыз ету жөніндегі үш жылдық бағдарлама жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаны іске асыруға 10 млрд. теңге жұмсалады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін бұл қаржының 4,3 млрд. теңгесі игеріледі.
«Елімізде қазақ тілінде білім беретін мектептердің саны үздіксіз артып келеді»,- деді Б.Әйтімова. Оның айтуынша, 1991-жылдан бері қазақ мектептердің саны 811-ге артып, қазір 3761-ге жетті. Сонымен бірге 2073 аралас мектептер бар.
Мектепке дейінгі тәрбие мәселелеріне тоқталған министр қазіргі жағдаймен елімізде 1283 мектепке дейінгі ұйымдар бар екенін, олардың 179-ы жеке меншік, 1104-і мемлекеттік екенін атап өтті. 1-6 жас аралығындағы 192,5 мың бала мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесіне қамтылған. Бұл 23,2 процентті құрайды. Былтырғымен салыстырғанда өсім 2,5 процентке жетті. «Дегенмен, балабақшалардағы орын үшін кезекте тұрған балалардың саны 91 мыңнан асып жығылады»,- деп атап өткен Б.Әйтімова осы тұрғыда «Алматы және Астана қалалары мен Алматы облысында күрделі ахуал қалыптасып отыр», деді.
Республикадағы балабақшаларға қатысты түйткілді шешу үшін «шығыны аз қазіргі заманғы үлгілер, атап айтсақ, балаларды қысқа мерзімді ұстайтын орталықтар мен мини-орталықтар дамытылуда». Мәселен, еліміз бойынша қазір мектепке дейінгі 181 мини-орталық ашылып отыр.
Осы орайда Б.Әйтімова 2006-жылға арналған республикалық бюжетте балабақшалар желісін дамытуға қосымша 1 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді.

Перейти к новостям спорта