Алматыда әскери "Хаммер" автокөліктеріне техникалық қызмет көрсететін орталық ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әскери "Хаммер" автокөліктеріне техникалық қызмет көрсететін орталық ашылды

Алматыда әскери "Хаммер" автокөліктеріне техникалық қызмет көрсететін орталық ашылды

Бүгін, 14-қарашада Алматыда "Қазбат" бітімгершілік батальоны мен Аэроұтқыр күштеріне иелікке берілген әскери "Хаммер" автокөліктеріне техникалық қызмет көрсететін орталық ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қараша 2005
  • 618
Фото - Caravan.kz

Министрліктің хабарлауынша, алдағы уақытта орталыққа аймақтық деген мәртебе беру көзделіп отыр.

Сонымен бірге орталықтың негізінде аталмыш техникаға қызмет көрсететін мамандар жоспарлы түрде дайындалуда. Техникалық мамандар «Хаммер» автокөліктеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша АҚШ-та және мобильді жаттығушы топ ретінде Қазақстанда дайындықтан өтті.
Орталықтың ашылу рәсіміне Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвей қатысты.

Перейти к новостям спорта