Грузия үкімет басшысы Қазақстанға келмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия үкімет басшысы Қазақстанға келмекші

Грузия үкімет басшысы Қазақстанға келмекші

18-19 - қарашада Грузия үкімет басшысы Зураб Ногаидели Қазақстанға келмекші. Бұл туралы бүгін, 14-қарашада журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қараша 2005
  • 368
Фото - Caravan.kz

Елшінің айтуынша, сапар «Қазақстан және Грузия мемлекет басшыларының сапарлары барысында қол жектізілген келісімдерді нақты жүзеге асыру жолдарын анықтауға арналады».

СІМ өкілі сонымен бірге 16-18-қарашада Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығына қатысты ережелерді дайындаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті жиналысы өтетінін хабарлады.
16-қарашада Астанада Қазақстан мен Еуропалық Одақтың әділеттілік және құқық пен тәртіп жөніндегі ішкі комитетінің ІҮ отырысы, ал 17-18-қарашада Елордасында Қазақстан мен Еуропалық Одақтың сауда, инвестиция, энергетика және транспорт жөніндегі ішкі комитетінің ҮІІ отырысы өтеді.

Перейти к новостям спорта