Е.Ашықбаев осы орайда АҚШ мемлекеттік департаментінің 2005-жылғы дүниежүзіндегі діни сенім-наным еркіндігінің ахуалына қатысты баяндамасы 8-қарашада жария етілгенін еске салды.
Елшінің айтуынша, құжатта «Қазақстанның ежелден қалыптасқан төзімділік дәстүрлері бар көп ұлтты әрі зайырлы ел екені» атап көрсетілген. «Дін басшылары олардың құқығын қамтамасыз ету мен өз сенім -нанымдарын еркін жүзеге асыруда үкімет атқаратын рольді жоғары бағалайды. Бұл елде сенім-нанымына байланысты қудаланғандар туралы мәліметтер жоқ, сонымен бірге сенімнен бас тартуға мәжбүрлеу деректері жайында да ақпараттар тіркелмеген, антисемитизм оқиғалары да байқалмайды»,- деді баяндамадан алған үзінділерді оқып таныстырған Е.Ашықбаев.