Солтүстік Қазақстан облысында Қырғызстан азаматынан 7 килограмм гашиш тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында Қырғызстан азаматынан 7 килограмм гашиш тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысында Қырғызстан азаматынан 7 килограмм гашиш тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қырғызстан азаматынан 7 килограмм гашиш тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің есірткі контрабандасымен күрес бөлімінің төрайымы Жанна Умбаева хабарлады.

  • 15 Қараша 2005
  • 293
Фото - Caravan.kz

22-жастағы жігіт Бішкек-Екатеринбург бағытындағы жолаушылар поезын тексерген кезде ұсталды. Қырғызстан азаматының сөмкесінен гашиш оралған 6 бума табылды.

Тұтқынның кеденшілерге хабарлауынша, ол есірткіні Бішкектен Екатеринбург қаласына жеткізіп бергені үшін тапсырыс иесінен 500 доллар алуға тиіс болған.
Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің «айналымы шектелген заттардың контрабандасы» жөніндегі 250-бабы бойынша айып тағылып, қазір оны уақытша тергеу қапасына қамау мәселесі шешілуде.
Бұл Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері кеденшілер ұстаған 20-шы есірткі тасымалдаушы. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 60 килограмды құрады.

Перейти к новостям спорта