Алматы жұртшылығы Заманбек Нұрқаділовпен қоштасты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы жұртшылығы Заманбек Нұрқаділовпен қоштасты

Алматы жұртшылығы Заманбек Нұрқаділовпен қоштасты

Бүгін, 15-қарашада Алматыдағы Ғылым академиясының ғимаратында Заманбек Нұрқаділовпен қоштасу рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қараша 2005
  • 572
Фото - Caravan.kz

Белгілі қоғам қайраткерімен қоштасу рәсіміне оның туыс-туғандары мен жақындары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері келді. Олардың арасында Алматы қаласының әкімі ИманғалиТасмағамбетов, «Отан» партиясы төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияев, президенттіктен үміткерлер Жармахан Тұяқбай мен Мэлс Елеусізов, парламент мәжілісінің депутаты Тоқтар Әубәкіров тағы басқалар бар.

«Асар» партиясы республикалық қоғамдық бірлестігінің саяси кеңесі де З.Нұрқаділовтың мезгілсіз қазасына байланысты оның туыс-туғандарына көңіл айтты.
З.Нұрқаділов «Кеңсай» зиратында жерленеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, З.Нұрқаділовтың денесі 12-қараша күні кешкісін Луганск көшесінің бойындағы өз үйінен табылған. Нұрқаділовтың денесінен жүрекке тиген екі, бастың самайынан оң жақтан солға қарай атылған бір оқтың ізі табылған. Оқиға орнынан марқұмның өзіне қарасты «Кобальт» тапаншасы табылды.
З.Нұрқаділовтың өліміне қатысты тергеу шараларын президент Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР ІІМ Бауыржан Мұхамеджанов тікелей өз бақылауына алды.
Тергеушілер өлім себептері туралы бірде-бір жорамалды әзірге жария етпей отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Перейти к новостям спорта