Елбасы Жапония және Қытай елшілерінің сенімхатын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Жапония және Қытай елшілерінің сенімхатын қабылдады

Елбасы Жапония және Қытай елшілерінің сенімхатын қабылдады

Бүгін, 15-қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тэцуо Ито мен ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сиюньнің сенімхаттарын қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қараша 2005
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық байланыс 1992-жылы орнап, содан бері екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Достық байланыстар бұдан былай да беки түсетініне үмітім зор»,- деді Т.Ито.

Өз кезегінде Ч.Сиюнь «Қазақстан президенті Н.Назарбаев пен ҚХР басшысы Ху Цзиньтао өзара экономикалық ынтымақтастықтың бұдан былайғы нақты жоспарын белгілеп бергенін» атап өтті.
ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, 2005-жылдың 8 айында Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 470 млн. доллардан асса, 2004-жылы Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 4,5 млрд. долларға жетті.

Перейти к новостям спорта