Түркістанда еліміздегі жалғыз мақта өңдеу зауыты іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда еліміздегі жалғыз мақта өңдеу зауыты іске қосылды

Түркістанда еліміздегі жалғыз мақта өңдеу зауыты іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында еліміздегі жалғыз мақта өңдеу зауыты іске қосылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қараша 2005
  • 1037
Фото - Caravan.kz

Сейсенбіде мұнда шикізат түріндегі мақтаны тоқылмаған мақта матасы, өңделген мақта мен тазалық және косметикалық өнімдер шығаратын «Фараб» атты зауыттың салтанатты ашылу рәсімі болды.

Мақта өңдейтін «Фараб» зауыты 1995-жылы салынған. Алайда түрлі себептерге байланысты онда күні бүгінге дейін өнім шығарылмай келді. Артынан зауытты Алматының «Дала груп» компаниясы сатып алған. Бұл компания кәсіпорынды қайтадан жаңғыртып, өнім шығара бастады.
«Қазір біз айына 40 тоннаға дейін тоқылмаған мата мен 6 тоннадай косметикалық мақсаттағы мақта орамаларын шығара аламыз. Алдағы уақытта мақта таяқшаларын, стерильді мақта мен стоматологиялық валиктер өндіру ойда бар»,- деді зауыт директоры Марат Молдыманов.
Кәсіпорын жылына 8300 тонна шикі мақта өңдеуді көздеп отыр.

Перейти к новостям спорта