«Бу қазандықтары мен Жылу электр оратылықтарының құрылысын салуға машықтанған бір канадалық компаниямсен жүргізген келіссөздер барысында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды»,- деді Н.Омаров. Оның айтуынша, 2006-2008-жылдар аралығында жылу электр орталығын салуға мемлекетіміз жыл сайын 5 млрд. теңгеден бөлетін болады.
Жылу электр орталығы қуаты 150 мегаваттық турбинамен қамтамасыз етіледі. «Өзімізге қажеттті электр қуатын ендігі жерде өзіміз өндіретін боламыз. Турбина қуаты да болашаққа есептелген. Қазір қала 120 мегаватт электр қуатын тұтынатыны мәлім»,- деді әкім.
Әкімнің хабарлауынша, канадалық мамандар Семейде болып, 10 күн бойы қаланың жылу қамтамасыздығы жүйесін зерттеген. Канадалықтар қаладағы қазіргі жылу қамтамасыздығы жүйесінің ахуалын өткен ғасырдың 60-шы жылдарымен салыстырды, деді Н.Омаров. «Олардың уәдесіне сенсек, нысанды қысқа мерзімде салып беруге күш салмақшы. Жоба бойынша Жылу электр орталығы 6 жылда салынып бітуге тиіс, бірақ, ол 3-4 жылда салынады деп ойлаймын»,- деді әкім. «Қазір біз «Энергопром» Ғылыми-зерттеу-жобалау институтын жаңа жылу электр орталығының техника-экономикалық негіздемесін тезірек жасап беруге асықтырып жатырмыз»,- деді қала әкімі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жаңа жылу электр орталығы Семейді дамыту жөніндегі 2006-2008-жылдарға арналған үкіметтік бағдарлама аясында жүзеге асады.